Бүгін Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданы әкімі А.Аликулов аудан аумағындағы жүрігізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда, Нұрсәт шағынауданында 24 көп қабатты үй ауласына абаттандыру жұмыстары атқарылып жатса, 4 елді мекенде 10 ашық спорт алаңшасын салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, тозығы жеткен 13 ашық спорт алаңшаға ағамдағы жөндеу жұмыстары атқарылып тамыз айында тұрғындарға пайдалануға тапсырылады.
Жарияланды: 08.07.2020