Жарияланды: 17.07.2020

Ескі автовокзал аумағындағы көше жаңалануда

Шымкенттегі ескі автовокзал аумағындағы Ерманов көшесіндегі жол жаңалануда.

Мұнда мердігер мекеменің жұмысшылары жолдың бір бетіне асфальт төсеп, екінші жолақты тегістеуге дайындауда.Осы төңіректегі тұрғындардың өтініші бойынша құрылысшылар ені 15 метр жолды 14-ке қысқартып, ені бір жарым метрді құрайтын аяқ жол салып береді. Жобалық – сметалық құны 83 млн. теңгені құрайтын нысан осы айда пайдалануға берілуі тиіс, деп хабарлайды «Отырар.кз».

Қуаныш Әбденов, мердігер мекеме өкілі: «700 метр аралықта жол жөндеуден өтеді. Қалыңдығы 5 см бір қабат  асфальт  төседік.  Кейін үстінен тағы бір қабат түседі. 25 шілдеде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз».

Ерманов көшесіндегі жұмыстар аяқталысымен мердігерлер «Оңтүстік» елді мекеніндегі Әлібеков көшесінің құрылысына кіріседі. Жобалық – сметалық құжат бойынша 1,5 шақырыдағы жол жаңаланбақ. Тапсырыс беруші  қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен түзілген келісім бойынша егерде жөндеуден кейін жолда ақаулар орын алса, кепілдік мерзім 5 жылда мекеме өз есебінен ретке келтіреді.

726 қаралым