Өздеріңізге белгілі елімізде ауыл шаруашылығы саласының маңызы зор екендігі белгілі. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосып жатқан ірі нысандар жетерлік. Олардың басым бөлігі қаланы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтудан бөлек, экспортқа да өнім шығаруда. Қалаға қарасты Еңбекші ауданы, Абдулабад тұрғын алабында орналасқан «Зертас» ШҚ-ның тауарлы сүт фермасы бүгінде қарқынды даму үстінде. Шаруақожалық өткен жылы Австрия елінен жеңілдетілген несие және мемлекеттік қолдау арқылы 128 бас сүтті-етті бағыттағы (симменталь) асыл тұқымды сиырларын әкелген. Қазіргі таңда жалпы мал басы 161-ге жетіп, оның ішінде: сиыр-161 бас; төл-100 басты құрап отыр. Жалпы аумағы 2,25 га құрайтын шаруақожалықта сиырларды тұрақты ұстау, асыл тұқымды бұзауларды өсіру аймағы, заманауи «Параллель» сауу қондырғысы, сүтті жинау үшін салқындатқыш танкер заманауи инновациялық теxнологиялармен қамтылған. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарды да жұмыспен қамтып отыр.
Жарияланды: 31.07.2020