Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында бүгінде ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аудан аумағында жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша 404 көшенің ұзындығы 282 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда, жалпы аудан аумағында орналасқан көшелерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда: Ә. Жангелдин, Түркістан, Төле би, Ерманов, Володарский көшелері, Республика даңғылы
Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің арасындағы ішкі орам жолдарына асфальт төселуде.
Бұл автөкөліктердің кіріп шығуына, аула тұрғындарының және балалардың жүріп тұруына ыңғайлы болмақ.
Жарияланды: 04.08.2020