Шымкент қаласындағы маңызды көшелердің бойындағы ескі аялдамалардың орнына жаңа аялдамалар орнатыла бастады. Заманауи аялдамалар А. Байтұрсынов, Ұ. Арғынбеков, Т. Өтегенов көшелерінің бойында орнатылып та үлгерді. Жалпы биыл 260 жаңа аялдама орнату жоспарланып отыр. Қазір жауапты мердігер мекеме 40 аялдаманы орнатып бітті. Жалпы жұмыс қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.
Жарияланды: 06.08.2020