Жарияланды: 07.08.2020

Жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппараттармен толықты

Шымкент қаласындағы “Асар” шағынауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппараттармен толықты. Медициналық ұйымға қалалық мәслихат депутаттары атынан “Бобров” тыныс алу аппараты тарту етілді.

Айта кетейік, жұқпалы аурулар ауруханасындағы медицина мамандарының пандемия кезіндегі еңбегі орасан зор. Орталықтағы дәрігерлер коронавирус инфекциясы анықталған науқастармен тікелей байланыста болып, қауіпті індеттен емдеп шығуда. Медицинаның сапасы мен қолжетімділігі жолында ақ халаттылар аянбай еңбек етуде. 

756 қаралым