Жарияланды: 07.08.2020

Жылу құбырлары ауыстырылуда

Бүгін Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданының партиялық бақылау және сыбайлас жемқолықпен күресу комиссиялары бірлесе отырып, Шымкент қаласындағы жол құрылыстарын көріп қайтты. 2019 жылдан бері құрылысы жүргізіліп келе жатқан Т. Рысқұлов көшесінен басталған Адырбеков көшесі бойындағы жолдың құрылысын бақылады. Қалалық көлік және автомобилдік жолдар бөлімі қызметкерінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңға жаңа мердігер “Базис К” ЖШС болып анықталып, 7- 10 күн ішінде жұмыстар жалғасын табады. Екінші жол учаскесі Жібек жолы көшесі мен Тауке хан даңғылы аралығындағы Адырбеков көшесінің жылу құбырларын ауыстыру және жолдың қайта құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, тамыз айының соңына дейін толық бітіреді деген мәлімет берілді.

866 қаралым