Арнамызға арызын емес, алғысын арқалай келген бір қауым ел қала әкімі Мұрат Әйтеновке ризашылығын білдіріп отыр. Шаһар басшысының өзі мәселеге мән бергесін, жекенің меншігіндегі су, жарық, газ жүйелерін заңдастырып, мемлекет меншігіне алыпты. Түйінге айналған түйіткіл тез арада шешімін тауып, құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын қалды, деп жұрт қуанып жүр. Тұрғындардың жүрек жарды тілегін сюжеттен көріңіз, деп хабарлайд «Оңтүстік» арнасы.
Қалаға қарасты Азат шағын ауданының 4/1 бөлігінде 700 ге жуық тұрғын үй бар екен. 10 жылдан бері сапалы ауыз су, тақтайдай тегіс жол, көгілдір отын тіпті электр желісіне жарымай келеміз дегендердің бүгінгі қуанышы көкке сәл-ақ жетпей тұр. Әлі де жағдай тұрақталып, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталмаса да құжатын көріп, шағын ауданға қан жүгіргенін сезінуде олар. Жеке бастың емес жалпының базынасын қала әкімнің қабылдауында болып, өзіне жеткізген үй төрайымы, «бас ауруына айналған проблема Мұрат Дүйсенбекұлы араласқасын шешімін тапты» — деп отыр.
Балжан Мақсатова – «Жаңа өмір» көшесінің төрайымы
Қазір мұнда электр бағаналары толық жаңартылып, есеп құрылғылары әр үйге кіргізіліп қойған. Ал ауыз судың құбырлары тартылып, қосылудың аз-ақ алдында тұр – дейді. Барлық құрылыс толық аяқталса, астфальтте төселеді деп Қаратау ауданының жауаптылары уәде беріпті.
Ляззат Сұлтанова – «Азат» шағын ауданының тұрғыны
Мегаполистің көркі күн санап көркейіп жатқанда, орталықтан шалғай орналасқан шағын аудандарда да ауыз толтырып айтарлықтай жаңалық көп. Осы уақытқа дейін амалдап келген ағайын, ендігі істің сапалы жүргізілуін сұрайды.