Жарияланды: 25.09.2020

Инклюзивті білім беру үшін бірқатар нақты тапсырмалар берілді

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 3-міндеті міндеттелген. Осыған орай, «Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету» бойынша мектептерде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау тақырыбында 133 жалпы білім беретін мекемелерінің «Инклюзивті» білім беруге жауапты мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, ZOOM бейнебайланыс арқылы жиналыс өтті. Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы инклюзивті қоғам құру мәселесі басты назарда тұр. Осы бағытта шымкенттік ұстаздар қауымы ауқымды жұмыстар атқаруда. 

Жиналысқа 140 жауапты мектеп директорларының орынбасарлары мен білім басқармасы басшысының орынбасары Айгуль Қалыбайқызы Текебаева, орта білім беруді және тәрбие жұмысын дамыту, қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Марат Рахматұллаұлы Айкозов және қалалық педагогикалық-медициналық-психологиялық-кабинетінің меңгерушісі Қалиев Рустем Илшатұлы қатысты.

Жиналыс барысында нақты Инклюзивті білім беру үшін бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

1 102 қаралым