Орта жастан асқан азаматтардың арасында көз моншағының таю сырқаты жиілеген. Оған негізінен жас ерекшелігі мен ұялы телефонның да әсері болуы мүмкін дейді дәрігерлер. Сондықтан уақтылы қаралып, көзге мейлінше күтім қажет екен.
Адам ағзасының ішіндегі ең нәзігі көз. Оған мейлінше ұқыпты қарау керек. Әсіресе даладағы шаң-тозаң мен дәнекерлеу кезінде мұқият болған жөн,дейді мамандар. Шымкенттегі көз аурулары ауруханасына карантин кезінде шағымданушылар саны аз болған. Дегенмен келушілер саны толастаған емес, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Бұған дейін жұрт көзге операцияны Алматыға барып жасататын. Шетелде білім алып келген білікті мамандар мен заманауи технологияның арқасында операцияны жергілікті мамандардың өздері жасап жатыр. Бүгінгі таңда бұл ауруханада күрделі отаның барлық түрі жасалады. Медицина сапасы мен қолжетімділігін арттырудың жарқын көрінісі осы болса керек.