Жарияланды: 22.07.2018

Асылтұқымды мал басын көбейту жолға қойылған

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде болып, Сарқырама, Мәдени ауылдарын аралап, тұрғындармен кездесті. Ауылдардың өзектi мәселелерiн анықтап, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағамдады. Ауылдық округпен танысу, ауылдық округтің жалпы ауданның етті-сүтті бағыттағы ірі кәсіпорындардың бірі – «Атамекен корпорация» ЖШС-інен басталды, деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. ЖШС 2003 жылы бұрынғы «Коммунизм» колхозының орнына құрылған. Бүгінде кәсіпорын 560 бас сиыр бар. Оның 250-і сауынды сиыр.  Сондай-ақ, шаруашылықта асыл тұқымды малдың басын көбейту жолға қойылған. Былтырғы жылы кәсіпорын сүтті бағыттағы асыл тұқымды 50 бас«Голштин» сиырларын сатып алды. Ал биыл осы тұқымнан қосымша 200 бас сиыр сатып алу жоспарлануда. Аталғандардан бөлек, «Атамекен Корпорациясы» ЖШС-і ауданда ГЗК (Гидропонный зеленый корм) – дәнді-дақылдардан (бидай, арпа) арнайы технологиямен өсірілетін өсімдікті өндіруді жүзеге асыруды ісін алға қойды. Бұл азықты өсіру арқылы малды жасыл азықпен жыл бойына (365 күн) қамтамасыз етуге болады. Өсімдіктің өсу уақыты — 8 күн және 2 кг дәнді дақылдан 18 кг азық алуға болады. Ал, 18 кг азықпен 2 бас сиыр қоректене алады. Содан соң, аудан әкімі ауылдық округтегі әлеуметтік, мемлекеттік нысандардың жай-күйімен танысып, тұрғындармен ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен жиын өткізді. Жиында ауылдықтар ауыз су мәселесі туралы аудан әкіміне айтты. Бұған аудан әкімі Мәдени ауылының ауыз су жүйесінің жобасы дайын екенін, бүгінде жоба сараптамада екенін, ал, Сарқырама ауылының ауыз суына қаржы қаралып, мердігер мекеме анықталып, жақын арада құрылыс жұмыстары басталатынын айтты.

 

972 қаралым