ХХІ ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Шымкенттік ұстаздар қауымы заманауи технологиялардан қалыс қалған емес. Шымкент қаласындағы №52 мектеп -лицейі жаңа оқу жылын қашықтан оқытуда OnlineMektep.org порталын қолдануда.
Мектеп мұғалімдеріне платформаны пайдаланудың барлық қыр-сырын, жұмыс жасаудағы мүмкіндіктерін толыққанды түрде көрсетіп түсіндіру жұмыстарын мектеп әкімшілігі жүйелі жолға қойған. Мұның барлығы да білім беру сапасын арттыру бағытында қолға алынған жұмыстардың бір парасы. Әр пән бірлестігіне көмек көрсетуде информатика пән мұғалімдері өз көмектерін ұсынуда. Ұстаздары OnlineMektep.org порталында оқытудың тиімділігі туралы тәжірибе алмасып отырады. Себебі ақпараттық сауаттылық -бүгінгі заман талабы.