Жарияланды: 22.07.2018

Қарқынды баудың көлемі 1920 гектарға артпақ

Түркістан облысындағы Төле би ауданының шаруалары астыққа орақ салып та үлгерді. Биылғы егін түсімі жақсы болады деген сенім бар. Аудандағы Ауданда бүгінде ауылшаруашылығы тауарларын өндіретін агроқұрылымдарда 48 өндірістік кооперативі, 128 ЖШС және 3489 шаруа қожалықтары жұмыс атқаруда. Аталмыш  салада былтыр 32 млрд 256 млн теңгеге өнім өндірілді, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 млрд 499 млн тг артты немесе өндірілген өнімінің нақты көлем индексі 100,9 пайызды құраған болатын. Оның ішінде мал шаруашылығында 19 млрд 423,3 млн теңгенің өнімі өндірілді. Биылғы түсімнен үміті мол шаруалар бүгінде тері тамшылап егістік бастында жүр. Ауданда егін шаруашылығы бойынша биыл 85 гектар жерге  қарқынды бау егілді. 2018-2025 жылдары аралығында қосымша 1920 гектар жерге қарқынды алма бау егу жоспарланып, 23,0 млрд теңге көлемінде жеке инвестициялар тартылған болатын. 2025 жылы 2018-2022 жылдар аралығында өнім беруге кіретін 1160 гектар қарқынды алма баулардың есебінен 75,4 мың тонна қосымша өнім алу жоспарланған. Қоғалы ауылдық округіндегі қарқынды алма бауы бүгінде жайқалып тұр. Өнім жинайтын уақыт та алыс емес. Алматының апортындай болмаса да иісі жұпар аңқыған, баланың жұдырығындай дәмді алмалары самсам тұр. Кеңес кезінен қалған алма бауларын түбірімен отап кеткен. Ауыл кәсіпкерлері сол аумақты тазалап қарқынды бау еккеніне де біраз жылдың жүзі болды. Алдағы уақытта облыстың әр аймағына төлебилік алмалар жол тартпақ.

1 283 қаралым