Жарияланды: 08.04.2021

«DENSAULYQ» КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ИГІ ІСТЕРІ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасы бойынша 18-наурыз «Игі істер күні» деп белгіленген. Осыған орайда Түркістан облыстық «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Нақтырақ айтқанда, кәсіподақ атынан әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға азық-түлік таратылды. Мұндай әлеуметтік қолдау 200-ден аса отбасыға көрсетілді.
Игі іс шараның мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тұрмыстық жағдайына қолдау көрсету. Себебі, қай кезде болмасын, қайырымдылық танытып, көмек қолын созу — сауапты іс.
Мұнан бөлек денсаулық жағдайларына байланысты екі кәсіподақ мүшесіне 150 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
«DENSAULYQ» облыстық кәсіподақ жанында әлеуметтік орталық 2019 жылы құрылып, қарқынды жұмыс істеуде. Сол уақыттан бері «DENSAULYQ» кәсіподағы мұқтаж жандарға тұрақты түрде әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.

Айта кетейік, «DENSAULYQ» кәсіподағының құрамында 46 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Әр тоқсан сайын «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі ұйымдарды аралап, медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау бойынша кездесулер өткізеді.

2020 жылдың соңында кәсіподақ қызметкерлері Сарыағаш,Сайрам, Қарабұлақ, Абай, Келес аудандық аурухана қызметкерелірмен кездесу өткізді. Кездесудегі негізгі мақсат медицина қызметкерлерінің мүддесін қорғау. Атап айтқанда, кәсіподақ қызметкерлері коронавирус инфекциясы мен пневмониямен күресу шеңберінде эпидемияға қарсы іс шаралар мен ауру жұқтырмас үшін сақтану құралдарымен қамтамасыз етілу жағдайымен танысып қайтты.

2021 жылдың «Бастауыш кәсіподақтар жылы» болып жариялануына байланысты медициналық мекемелердегі бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен жиындар өткізілуде. Онлайн форматта өткен жиында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары атқарылған жұмыстарына есеп берді. Алдағы уақытта да облыстық кәсіподақ қызметкерлері көптеген тындырымды шараларды өткізуді мақсат етіп отыр.

2 951 қаралым