Жарияланды: 12.04.2021

Халықаралық  ғылыми-теориялық онлайн-конференция өткізіледі

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ                                                                                  АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ                ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА  УНИВЕРСИТЕТІ                     АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ

2021 жылғы 14 — сәуірде 

«Генетикалық тіл ғылымы – гуманитарлық білімнің заманауи жаңа бағыты: зерттелуі, мәселелері, болашағы» атты  халықаралық  ғылыми-теориялық

онлайн-конференция өткізіледі

Конференцияның мақсаты: замануи гуманитарлық білімінің жаңа бағыты болып табылатын генетикалық тіл ғылымы идеяларын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Адамзат тілінің ілкі пайда болуы: тіл және ойлау байланысы.
  2. Адамзат тілінің құрылымдық және семантикалық жүйесі:

материалдық -идеялық негіз элементтер.

  1. Атау теориясы.
  2. Тілдегі антропоөзектілік мәселесі.
  3. Тілдік таңба мәселесі.
  4. Танымдық (когнитивтік) тіл білімі жалпы адамзаттық ғаламтанымдық ойлау тұрғысынан.
  5. Генетикалық тіл білімі курсын оқыту.

 

Қатысу тәртібі:

Материалдарға қойылатын талаптар:

  1. Параметрлері: барлық жақтан 2,см (тіркеу формасы Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы тиіс, Шрифт: Tіmes New Roman, KZ Tіmes New Roman, кегль – 14.
  2. Баяндама тақырыбы бас әріптермен жол ортасына жазылады.
  3. Оң жақтан бір интервал арқылы адрес (республика, қала аты, мекемесі), эл. адрес көрсетіледі. Баяндама мәтіні 2 интервал арқылы жазылады. 
  4. Бір қатардан кейін – Аңдатпа 3 тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде (әрқайсысы  4-5 сөйлемнен кем болмау керек)  және баяндаманың аты үш тілде. 
  5. Кілт сөздер (4-5 сөзден тұратын) үш тілде. Пайдаланылған әдебиеттер мен мәліметтер тізімі  мәтін соңында, сілтемелер тік жақшада беріледі.

Конференцияның жұмыс тілдері — қазақ, орыс, және қырғыз тілдері.

Конференция жұмысына Белоруссия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан ғалымдары қатысады. Идентификатор: 999 6347 8191,  пароль: 767677

Тел.: 8-777-343-48-93.     8-708-837-75-96;     8 (724)223-17-67                 

                           Shanzharhan-bekm@mail.ru

        

Басталуы:  Қызылорда уақыты:  сағ. 11.00. 

Белоруссия, г.Витебск – 9.00. Ташкент –  11.00. Бишкек – 12.00.

 

Өтетін орыны: Қызылорда облысының әкімшілік үйі.

Адрес: 120003, Қызылорда қаласы,

Сұлтан Бейбарыс көшесі,1.

 Бағдарламасы: 

 

Конференция Қызылорда облысы әкімдігінің мәжіліс залында (3-қабат), онлайн форматта  Zoom платформасында:      Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 1200 , Қызылорда қ. уақытымен сағат 1100  басталады.

Идентификатор: 999 6347 8191 , пароль: 767677

 

 

Конференцияның жұмыс тәртібі:

 

  1. Нұр-Сұлтан қ. уақытымен

 

1130 — 1200қатысушыларды тіркеу; 

1200 — 1330  — конференция.

 

  1. Қызылорда қ. уақытымен

 

1030 – 1100қатысушыларды тіркеу;

1100 – 1230конференция.

 

 

 

Регламент:

 

Баяндамалар     — 7-10  мин.

Пікір білдіру      — 3 мин.

 

 

 

 Ұйымдастыру  комитеті

 

3 773 қаралым