Жарияланды: 24.07.2018

Даму барлық салада да бар

Түркістан облысының Астанадағы алғашқы жәрмеңкеге қа­тыс­қан 50-ден астам кәсіп­кер, жалпы құны 122,8 млн теңге болатын 286 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін арзан бағамен саудалады, деп хабарлайды egemen,kz. Атап айтқ­анда, 65 тонна ет өнім­дері, 101 тонна көкөніс, 18 тонна сүт өнімдері, 23 тонна жеміс-жидек, 18 тонна картоп, 20 мың дана жұ­мыр­тқа, 6 тонна балық, 5 тонна кеп­тірілген жеміс, 4 тонна түр­лі консервілер, 41 тонна бас­қа да өнімдер сатылымға шы­ғарылған. Облыс мереке аясында 5 рет жәрмеңке өткізбек. Осы аралықта түркістандық ша­­­руа­лар елордаға 14 753 тон­­на болатын ауыл шаруа­шы­­лығы өнімдерінің 28 түрін жөнелтеді. Бұл орайда облыс­тан 35 ірі және қосалқы ша­руа қожалықтары мен кә­сіп­­орындары іріктеліп, дайын­дық жұмыстары күшейтілген. «Оңтүстік» индус­трия­лық аймағында орналас­қан «Шым­кент Темір» ЖШС-ның болат құю зауыты іске қосылады. Жал­пы құны 4,2 млрд теңге бо­ла­тын кәсіпорын жылы­на 240 мың тонна өнім шыға­руға қауқарлы. Өндіріс орны іс­ке қо­сылғанда 150 азамат жұ­мыс­п­ен қамтылмақ. Түркістан қаласында «Яссы құс» шаруа қожалығының екінші кезеңі, сыйымдылығы 200 тонна болатын көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын сер­вис­тік орталық ашылады. Жалпы, қа­ла­ның әкімшілік-іскерлік орта­лы­ғында осы уақытқа дейін 90 мың шаршы метр тұр­ғын үй пайдалануға бе­ріл­ген болатын. Қазіргі таң­да мұнда көп қабатты 27 үй салынуда. Енді бұл шағын ау­дан «Астана» деп аталады. Ал аумағы бір гектарға жу­ық «Астана» гүлзарында шы­­нар, каштан, қайың ағаш­тары мен түрлі гүлдер егі­ліп, орындықтар мен жарық­шам­дар, балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылған.

Ғ. Елшібай

1 174 қаралым