2022 жылы 103 мыңнан астам Шымкент қаласының 1-4 сынып оқушылары мектеп асханаларында тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады.
Депутаттық сауал арқылы бюджеттен келесі жылға 8 млрд. 219,8 млн. теңге бағытталып отыр.
Бүгінгі таңда «Nur Otan» партиясының әлеуметтік топтарға бағдарланған 6 партиялық жобасы іске асырылуда. Ағымдағы жылдың өзінде партиялық жобалар аясында 1152 іс-шара өткізіліп, 13.205 азамат қамтылды.
Соның ішінде «Бақытты отбасы» жобасы — Қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттырып, отбасылық құндылықтарды насихаттау, аз қамтылған көпбалалы және тұрмысы төмен жанұялардың өмір сүру сапасын жақсартуға өз септігін тигізіп келеді. Оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту — жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың жемісі.
Жас ұрпаққа жағдай жасау арқылы жарқын болашаққа қадам басамыз.