2018 жылдың 6 айында Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 146,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,4 миллиард теңгеге артты. НКИ өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,4 пайызды құрады (РК – 104%, 4 орын). (Жылдық жоспар – 103,9%). Республикада өнім көлемі бойынша облысымыздың үлесі 14,6 пайызды құрап, 2 орынға шықты. Ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 68,6 млн. АҚШ долларын құрап 18,2 пайызға арттты. Азық-түлік тауарлары бойынша көтерме сауданы өткізу көлемі 14,5 млрд. Теңге, нақты индексі 164,8 пайызды құрады (РК – 147,9%)(жоспар-114%). Бұдан бөлек бүгінгі таңда облыс бойынша 60 мыңнан аса үй шаруашылықтары мен шағын фермер мүшелерінен құралған 704 ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркеліп, жұмыстарын жүргізуде.(2016 жылы- 242, 2017 ж- 413, 2018 ж 5 айда-49 бірлік тіркелген). Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 4686,4 млн.тг құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34 пайызды құрады. Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2413,2 миллион теңгені құрап, өткен жылдың кезеңімен 123,5 пайызға артты.
Жарияланды: 24.07.2018