2021 жылдың 20 желтоқсанында Түркітілдес журналистер қоры Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде Қордың 7 жылдығы мен отандық БАҚ өкілдері арасында қаржы тақырыбына ұйымдастырылған «Еркін сөз»-2021 байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Биылғы жылдың ерекшелігі: мәңгілік мекенге ерте аттанған әріптес аға әпкелеріміздің атындағы арнайы сыйлықтардың тағайындалуы. Қазақ журналистикасының дамуына орасан зор үлес қосқан журналистер туралы арнайы бейнематериал дайындадық. Сондай ақ, 8 журналиске Аманхан Әлім, Қуандық Шамахайұлы, Жолдасбек Дуанабай, Бақытгүл Мәкімбай, Бейсен Құранбек, Амангелді Сейітхан, Айнұр Сыдықова, Сәкен Орынбасарұлы атындағы арнайы сыйлықтар табыстадық. Сыдықова Айнұр Ұлықпанқызы журналист болмаса да, мыңдаған журналистің Америкада тегін тәжірибе жинақтауына көмектескен, ел ішінде де мыңдаған БАҚ өкілінің кәсіби маман ретінде қалыптасуына ықпал еткен тұлға болатын. Биыл 15 тамызда 50 жссқа сәл жетпей, бақилық болған Айнұр әріптесіміздің есімін елеуді өзімізге міндет деп білдік. Әр жеңімпаз 50 000 теңгеден қаржылай сыйлық алды. Бұйыртса, келесі жылы аталған соманы көбейтуді мақсат етіп отырмыз.
Жеңімпаздарды марапаттау салатанатына Жүсіпбек Қорғасбек, Көлбай Адырбекұлы, Ермұрат Бапи, Сейсен Әмірбек, Берік Бейсенұлы сияқты әріптес ағаларымызбен бірге орта және жас буын өкілдері қатысты. Карантиндік шектеулер кесірінен елу шақты қонақты күте алдық. Бұйыртса, келесі жылы Қордың дамуына жанашыр боп жүрген достарды түгел шақыруға тырысамыз.
Түркітілдес журналистер қорының 7 жылдығына орай, тілекшіміз, жанашыр әріптесіміз Анар Төлеухан апайға шапан жауып, алғыс айтқымыз келген. Флай Арыстанның түсте келуі тиіс ұшағы түнге ауысып, салтанатты кешке келе алмады. Бұйыртса, апайды астанаға арнайы барып құттықтаймыз.
«Еркін сөз»-2021 байқауында «Үздік мақала», «Сайттағы үздік мақала», «Үздік телесюжет» номинациялары бойынша 11 жүлдегер болды. Мақсат Халық, Анар Төлеухан, Есей Жеңісұлы, Дина Елгезек, Құралай Қуатова қазылық етті. Түркітілдес журналистер қоры жүзеге асыратын әр жобаның өз мақсаты болады. Мысалы, семинарлар мен вебинарлардың басты мақсаты — БАҚ өкілдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау.
Шетелдік. Сапарлары ө қазақ журналистердің ел мен жер көрсетіп, білім көкжиегін кеңейту.
«Еркін сөз» байқауының Басты мақсаты — әріптестер мен халықтың қаржылық сауатын арттыруға үлес қосу. Мысалы, «Қазақстанның сыртқы қарызы пәленбай доллар болды», «жемқорлар биыл осынша милиардты жеп қойыпты», “Қазақстанның макроэкономикасындағы проблемалар мыналар» дегеннен гөрі қаржыны үнемдеу, отбасылық бюджетті тиімді жұмсау, індет кезінде банктердің ғимарттарына бармай ақ, мобильді қосымшалардағы мүмкіндіктерді пайдалана білу, жәрдемақыларды алу жолдары, несие алу кезінде банктердің жасырын пайыздық мөлшерлемелері мен қитұрқылықтарына ұрынбау, қаржы пирамидлары мен алаяқтардан аулақ болу сияқты кез келген қарапайым азаматқа тиімді ақпарат беру өте маңызды. «Еркін сөз» байқауының Қазылар алқасы осындай мәселелерге басымдық береді. Бұл «Еркін сөз»-2022 байқауында бақ сынауға ниетті әріптестерге құлаққағыс.
Сонымен, “Еркін сөз”-2021 байқауының жеңімпаздары:
«Үздік мақала» номинациясы
Бас жүлде Еркежан Айтқазы, “Түркістан” газеті.
«Үздік телесюжет» номинациясы
Бас жүлде — Амангелді Сейітхан, “Қазақстан” арнасы.
«Сайттағы үздік мақала» номинациясы
Бас жүлде — Ақбота Мұсабек, “Ұлт.кз”.
Ынталандыру сыйлықтары
Аманхан Әлім атындағы сыйлық:
Балжан Мұратқызы, “Ақ желкен” журналы.
Қуандық Шамахайұлы атындағы сыйлық:
Сералы Мырзабай, “Біздің Қостанай” газеті
Жолдасбек Дуанабай атындағы сыйлық:
Фархат Әміренов, “Егемен Қазақстан” газеті.
Бақытгүл Мәкімбай атындағы сыйлық
Гүлмира Садықова, “Қазақ үні” газеті
Сыдықова Айнұр Ұлықпанқызы атындағы сыйлық:
Қарлығаш Зарыққанқызы, “Жас Алаш” газеті
Сәкен Орынбасарұлы атындағы сыйлық:
Айбала Нұрлан, www.kaznews.kz
Бейсен Құранбек атындағы сыйлық:
Мерей Қанапиянов, “Алматы” телеарнасы
Амангелді Сейітхан атындағы сыйлық:
Нұрай Құрақпай, “Еуразия” телеарнасы.