Жарияланды: 08.01.2022

ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды

ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайты хабарлады. 

«Осы жылдың 6 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сол күні осы қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.К. Мәсімов және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», — делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.

1 087 қаралым