Жарияланды: 10.01.2022

Жедел жәрдемнің 7 көлігіне шабуыл жасалған

Шымкентегі медициналық мекемелер мен қан орталығы бірнеше тәуліктен бері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қаңтардың 4-5 күндері орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде 100-ден астам азамат жарақат алған. Олардың басым бөлігі әскерилер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері.

 

«Қаламызда орын алған қоғамдық тәртіп бұзушылық кезінде Шымкент қаласының барлық медициналық мекемелері және дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер, жүргізушілер, тазалықшылар өз өмірлерін қауіпке тігіп зардап шеккендерге көмек көрсетті, жедел жәрдем бригадаларына 7 рет шабуыл жасалды, ерлікпен өз қызметтерін адал атқарды, әр шақырту назардан тыс қалмады, қаладағы барлық стационарларға ауыр жарақатпен науқастар түсіп жатты, тіпті қалалық балалар ауруханасына, қалалық перинатальды орталыққа ауыр жағдайда науқастар түсіп жатты….Ақ халатты абзал жандар өз қызметтерін жоғарғы деңгейде көрсетті», деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов. 
966 қаралым