Елімізде экстремизмге қарсы күрес шарасы әлі де жалғасып жатыр. Жыл басынан бері қолға түскен күдіктілерден қару-жарақпен бірге түрлі есірткілік заттар да табылуда.
Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мұнайлы ауданы тұрғынының автокөлігінен қару-жарақ, оқ-дәрі мен есірткі тапқан, деп хабарлайды Экспресс К.
Күдікті 32 жастағы жергілікті тұрғын, ол деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып шықты, деп мәлімдейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
«Toyota Camry» автокөлігінен «Макаров» тапаншасы мен оның патрондары, сондай-ақ екі орам марихуана табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды,