Олимпиадалық спорт түрі болып табылатын велоспорттан елімізде төрт ұлттық құрама команда жасақталған. Ұлттық құрамада әлемдік додада ел намысын қорғап жүрген екі шымкенттік спортшы бар.
Осындай жеңімпаздарды даярлап жүрген қаладағы №2 мамандандырылған спорт мектебіне велоспортты одан әрі дамыту мақсатында бюджеттен қаржы бөлініп, 86 жаңа велосипед алынды. Оның 51-і тас жолға арналған, 29-ы маутинбайк, 6 данасы трек велосипед. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысып, спортшыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
Айта өтсек, бүгінде №2 мамандандырылған спорт мектебі жеңіл атлетика, велоспорт және президенттік көпсайыс бағытында білім береді. Мектептегі 676 шәкірттің 23-і Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер болса, 10-ы спорт шебері. Оларды сайысқа 49 жаттықтырушы дайындайды.