Жергілікті әскери басқару органдарында биыл 17 жасқа толатын ер азаматтарды алғашқы әскери есепке қою басталды.
Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде айтқандай, тіркеуден міндетті түрде өту керек. Биыл оны 2005 жылы туған жасөспірімдер өтеді. Шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік әскерге шақырылушының – Қазақстан Республикасы азаматының құжаты болып табылады.
Тіркеу науқаны жастардың әскери қызметке жарамдылық санатын анықтауға көмектеседі. Болашақ әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайы ерекше бақылауда. Олардың әрқайсысы медициналық тексеруден өтеді.
Биыл алты мыңға жуық жасөспірім тіркеу туралы куәлік алады. Оларды дәрігерлер қарап, психологтар жұмыс істейді. Зерттеу нәтижелері негізінде әскерге шақырылуға дейінгілерді әскери есепке қояды.
Тіркеу науқаны барысында қаланың жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері жігіттерді әскердегі қызметтің артықшылықтары мен ерекшеліктері, әскери бейіндегі оқу орындарына түсу ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Есепке алу – тіркеу жұмысымен бір мезгілде осы жылдың қаңтарында әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу науқаны басталды.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі