Жарияланды: 03.02.2022

180 күннен кейін газ бағасы қалай өзгермек?

Қазақстанда сұйытылған газ бағасына қатысты 180 күнге мораторий белгіленген.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов 180 күндік мораторий аяқталған соң, сұйытылған газдың бағасы қалай болатынын айтты, деп хабарлайды Экспресс.

Сұйытылған газ бағасы 50 мен 75 теңге аралығында бекіді. Бұл мораторий жарты жыл күшінде болады. Ең шалғай елді мекендерде бағаның шегі 75 теңге болса, мұнай өңдеу зауыты бар Маңғыстау облысында 50 теңге,

— дейді Болат Ақшолақов.

Сонымен қатар сұйытылған газды электронды алаңда сату бір жылға шегерілген. Ол белгіленген 180 күннің ішінде жанар-жағармай сияқты сұйытылған газдың да бағасын қалыптастыру жүйесі мен сату ережелерін реформалап шығуымыз керек деп отыр.

Біздің ойымызша, зерттеулер көрсеткендей, жанар-жағармай сияқты сұйытылған газдың айналасында да делдалдар көп. Енді сондай ойыншыларды нарық тізбегінен алып тастаймыз,

— дейді министр.

Болат Ақшолақов/©СЦК
Болат Ақшолақов/©СЦК

Ол газды сатушылар мен өндірушілердің арасындағы табыс теңгерімі қайта қаралады деп отыр. Негізі газ өндірушілердің табысы көбірек болуы керек деп санайды.

Өйткені біздің зауыттардағы сұйытылған газдың өзіндік құны тоннасына 100 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл бір литр газды өндіруге ғана шамамен 50 теңге кетеді деген сөз. Әзірге бұл зауыттар белгіленген 180 күнде шығынмен жұмыс істейді,

— дейді Болат Ақшолақов.

2 409 қаралым