Мексиканың Сакатекас штатында көшеде шашылып жатқан ондаған адамның мәйіті табылды. Полиция бұл адамдардың есірткімен айналысатын мафияның құрбандары екенін айтуда.
Мәйіттер көшелердің бірінде жолдың ортасында шашылып жатқан, деп хабарлайды Экспресс К.
Өткен күні көршілес Фресниллода қоймада асылып тұрған алты адамның денесі табылған, деп жазады Еuronews сайты.
Тергеу деректері бойынша бұл қылмыстар өзара байланысты.
Өткен жылы елдегі ең ірі мафиялық топтардың бірі Силаноа мен жаңадан пайда болған, бірақ тез дамып келе жатқан Жалиско есірткі картелі арасындағы есірткі нарығы үшін күрес күшейген,
Өткен айда Сакатекас штатындағы үкімет ғимаратының сыртында сегіз ер адам мен екі әйелдің мәйіттері бар тоқтап тұрған фургон табылды. Олардың өлімі, алдын ала мәліметтер бойынша, бандылық соғыспен де байланысты.