Жарияланды: 26.07.2018

Шардарада инновациялық жүйелерді пайдаланатын шаруалардың қатары артқан

Түркістан облысы Шардара ауданында инновациялық жүйелерді пайдаланатын шаруалардың қатары артып келеді. Ауданның негізгі даму бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан, аймақта 64 мың гектар суармалы жер бар. Онда негізінен күріш, мақта және бақша дақылдары егіледі. Мәселен, шаруашылық 300 гектар жерге мақта егіп, бірнеше жылдан бері тамшылатып суғару әдісін қолданады. Олар инновациялық жүйенің арқасында суды 3 есеге дейін үнемдеп, ал өнімділікті екі есеге ұлғайтқан. Мысалы, былтыр өзге диқандар мақта алқабының әр гектарынан 28 центнерден өнім алғанда, бұл шаруашылық 50 центнерге иек артты. Қарапайым шаруалар «мұндай жетістікке жаңа инновациялық технолияның арқасында қол жеткіздік», – дейді. Бүгін де игілікті жүйенің көмегіне жүгінгендердің саны артып келеді. Қайрат Жолдыбай, Шардара ауданы әкімінің орынбасары: «Жаңа технологияны енгізу ауданда қолға алынып жатыр. Биылғы жылдың өзінде ауданда 700 гектарға тамшылатып суғару жүйесі енгізіледі. Бұл жүйелер өзінің пайдалы екенін көрсетіп, шаруалар жылдан жылға қызығып, көбейіп келе жатыр. Былтырғы жылы мақтаның орташа бағасы 170 теңге болды. Биыл да сол деңгейде болады деп күтіліп отыр».
24 кз

1 514 қаралым