Жарияланды: 14.02.2022

Биылғы ҰБТ -да қандай өзгерістер бар?

Білім және ғылым министрлігі өткен аптаға шолу жасады деп хабарлайды eltumar.kz. Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен аппараттық жиында мектепке дейінгі және орта білім саласы бойынша биылғы жұмыс жоспары қарастырылды.

Білім беру сапасын арттыру мақсатында енді педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурс арқылы іске асырылатын болады. Педагогикалық мамандықтарға оқуға қабылдау үшін ҰБТ-ның шектік балы жоғарылады, педагогикалық мамандық бойынша  оқитын студенттердің шәкіртақысы өсті.  

2022 жылы 1815 балабақша, 1187 мектеп пен 166 колледж мемлекеттік аттестациядан өтеді. Биыл білім беру ұйымдарын, оның ішінде 128 ауылдық мектепті жабықтау үшін 2000-нан астам физика, химия, биология, STEAM пәндік кабинеттерін сатып алу жоспарланып отыр.

800-ден астам мектептің кітапханасын жаңарту және көркем әдебиетпен толықтыру жоспарланған.

1 087 қаралым