Жарияланды: 04.03.2022

Көлік бағасы қымбаттай ма, арзандай ма?

3 наурызға қараған түні Toyota Motor Ресейге Toyota және Lexus автокөліктерін жеткізуді доғарғанын хабарлады.

Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Сонымен қатар 4 наурызда Camry седаны мен RAV4 кроссоверін шығаратын Санкт-Петербургтегі зауыттың жұмысы тоқтайды.

Аталған зауытта өндірілген машиналар Қазақстан нарығына жеткізіледі. Былтыр біздің елде 5.6 мың Camry және 3.2 мыңға жуық RAV4 өтті. Бұл — елде сатылған Toyota көліктерінің тең жартысынан астамы.

Toyota көліктері Қазақстанға Ресейден бөлек тағы бірнеше елден жеткізіледі. Атап айтқанда, Land Cruiser Prado мен Land Cruiser 300 Жапониядан, Corolla мен C-HR Түркиядан, Hilux Таиландтан, Highlander АҚШ-тан әкелінеді.

1 437 қаралым