Жалған дипломмен мектепте сабақ берген мұғалімдерге 2000 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 600 сағатқа дейін түзеу не қоғамдық жұмыстарға тартылады, деп хабарлайды stan.kz
Ведомствоның мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес, құжаттарды қолдан жасау 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе 600 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тартуға, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу әкеп соғады.
«Жалған құжаттарды пайдаланғаны үшін 160 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 160 сағатқа дейін түзеу не қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген», — деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.