1 шілдеден бастап атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын қазақстандықтар көгілдір отын ақысын арзандатылған тариф бойынша төлейді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды «Адырна» .
«1 шілдеден бастап «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар» санатына жататын тұтынушылар елдің барлық газдандырылған өңірінде төмендетілген бағамен газ алу мүмкіндігіне ие болады.
Жеңілдетілген газ бағасын алу үшін тұтынушы Egov.kz порталында АӘК және тұрғын үй көмегін алушы мәртебесін тексеруі қажет», — деді ведомство.