Жарияланды: 16.09.2022

ITeachMe Қоры бірегей жобаларды жүзеге асырады

Baq.kz

ITeachMe компетенцияларды дамыту орталығы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асыратын жоба жемісті жүзеге асырылып келеді. ITeachMe-мүгедектігі бар және мүгедектігі жоқ жастарға өз өмірін жарқын етуге және SMM, motion design, графикалық дизайн, UI/UX дизайн, мобилография және ағылшын тілі бағыттары бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша дағдыларды тегін алуға мүмкіндік беретін бірегей жоба болып табылады.

«ITeachMe жобасының мақсаты мүгедектігі бар жастарға өз күштеріне сенуге, олардың таланттарын ашуға және жұмысқа орналасу арқылы қаржылық тұрақтылығына ықпал етуге көмектесу. Біздің курстарымызды 300-ден астам студент оқудан өтті және бүгінде ірі ұйымдардың білікті қызметкерлері болып табылады. Мысалы, бесінші маусымның түлегі Илья Вираховский «Банк ЦентрКредит» АҚ-та жарты жыл жұмыс істеп келеді және бұл тек бір ғана мысал, бірақ жалпы айтқанда, бүгінгі таңда біздің түлектеріміздің 87 пайызы жұмысқа орналасты деп сеніммен айтуға болады», — дейді «ITeachMe» компетенцияларды дамыту орталығы қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиева.

Жобаның нәтижесі өте жоғары. Бүгінде жоба түлектері Ұлпан Сапак, Motion Design бағытының түлегі. “Жергілікті қауымдастық қорында” жұмыс істейді. Илья Вираховский UI/UX design бағытының түлегі. Банк ЦентрКредитте жұмыс істейді. Сабина Сабирова, Мобилография бағытының түлегі. ITeachMe қоғамдық қорында жұмыс істейді.

Шағын грант ұтып алып, бүгінде кәсібін табысты жүргізіп отырғандар қатары да басым. Дархан Тастенов, «Арбаға арналған қондырмалар», Жанат Божатова, «Ecopaper.kz» қағазды қолмен қалыптау студиясы, Александр Соболев,«Бәйтерек» эко-бөбекжайы», Саламат Абилов,«Нан және нан өнімдерінің қалдықтарын қайта өңдеу», Данил Лавров, Wallquest жобасы.

Алдағы уақытта аталмыш қор бұдан өзге де ауқымды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

1 161 қаралым