Жарияланды: 22.11.2022

Айыппұлын төлемей жүрген 17 көлiк айыптұраққа қойылды

Түркiстан облысында 10-19 қазан күндері аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. Осы мақсатта Жетісай аудандық полиция бөлімінің полицейлері тексеру жұмыстарын атқаруда. Полицейлер мен сот орындаушылары бірлесіп, жол-көлiк окиғаларының алдын-алу мен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтардың айыппұлдарын өндiру бойынша қарқынды рейд жүргізуде.

Соның нәтижесінде айыптұраққа айыппұлын төлемей жүрген 17 көлiк қойылды. Сондай-ақ iс-шаралар жоспарына сәйкес тиiстi профилактикалық жұмыстар атқарылды. Жетісай ауданының полицейлері ескертеді: жыл басынан бері салынған айыппұлдарыңызды уакытында төлемеген жағдайда, автокөлiктерiңiзге немесе жеке банктік кәртішкелеріңізге шектеу қойылады. Одан бөлек нотариустар аркылы шектеу жасалып, аттарыңыздағы мүліктеріңізге сот орындаушылармен бұғат койылады. 

 

388 қаралым