Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу жоспарына сәйкес Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп лицейінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарының сақталуы және сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы жиын өткізілді. Аталған жиынға Созақ ауданы поркурорының м.у.а А.Жағыппаров пен Созақ ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы А.Исаева, Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп лицейінің мұғалімдерімен жоғары сынып оқушылары қатысты. Жиын барысында қоғам дертінен аулақ болу, бірлесе күресу жолдары айтылды. Жастарға тура жолдан таймау, наныңды адалдап табу сынды адами қасиеттер жайы әңгімеленді.