Жарияланды: 22.11.2022

Кореяға жұмысқа тұрғызып беремін деп алдаған

Бүгінде қомақты табыс табуға болады, шетелге жұмысқа тұрғызып беремін дейтін алаяқтардың қатары артып отыр. Құқыққорғаушылар оларға қарсы «майдан» ашып, алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Жуырда Түркістан облысына қарасты Кентау қаласының полицейлері кезекті алаяқты қол түсірді. Нақтырақ айтсақ, полицияға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, танысы Корея еліне жұмысқа тұрғызып беретінін айтқан. Және ол үшін тұрғыннан 500 мың теңге қаражат алған.

Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Кентаулық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Кентау қаласының тұрғынын анықтап, жеткізді. Күдікті азамат жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде.

 

278 қаралым