Жарияланды: 22.11.2022

Тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жалпы нашақорлық дегеніміз – есірткі немесе психотроптық заттарға тәуелділіктен туындайтын ауру. Нашақорлық көптеген қылмыстарға тікелей себепкер. Ғылыми деректерге сүйенер болсақ, кәмелетке толмаған нашақорлардың шамамен 2/3 бөлігі қылмыскерге айналады. Себебі, есірткіге деген құмарлық келесі дозаны алу үшін қылмысқа апармай қоймайды. Әсіресе, ұрлық жасауға көптеп итермелейді. Сонымен қатар, кейде агрессивтілік тудыратын есірткілер өзінің қатыгездігімен мағынасыз қылмыстарға жетелейді. Нашақорлық – қоғам дерті. Нашақорлықпен күресу бір немесе бірнеше адам оңай жеңетін нәрсе емес. Бұл жерде түрлі мамандар, ата-аналар,қоғам белсенділері, сіздер мен біздер әрбір Қазақстанның азаматы тысқары қалмауы керек. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз.

Нашақорлықтың алдын алу мақсатында Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық емханасында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды. Нашақорлықтан туындайтын қылмыс саны да аз емес. Әр жыл сайын жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу үшін және жастарды бұл дерттен сақтап, одан бойларын аулақ ұстауға шақыру емхананың нарколог дәрігері мен психолог мамандары қаладағы орта білім беретін мектептер мен колледждерді аралап түрлі тренингтік сабақтар өткізіп тұрады. Түрлі акциялар ұйымдастырылады.

Дүниедегі ең құнды, ең бағалы зат – ол сенің өмірің. Сенің өмірің, сенің амандығың, сенің жарқын әрі айқын болашағың өз қолыңда! Дұрыс таңдау – жарқын болашаққа бастар көпір және бақытты өмірдің айнасы.

461 қаралым