Жарияланды: 22.11.2022

«Жат ағым-жарға жығар» атты кездесу өтті

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласындағы орта мектептер мен арнаулы оқу орындарында «Жат ағым-жарға жығар», «Ұлтаралық татулық ел бірлігінің кепілі» тақырыптарында кездесу өтті. Оқушылар мен студенттердің бойында деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында өткен жиында Түркістан облысының Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығы КММ дінтанушы-теолог маманы Жалғас Жорабек түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Білімгерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бағыты да назардан тыс қалған жоқ.

Сонымен қатар кездесуге қалалық өзбек этно мәдени орталығының төрағасы Х.Абдуалиев, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ қалалық филиалының басшысы Ғ.Тәжібаев және ішкі саясат бөлімінің маманы қатысты.

Кездесулерде мемлекет пен діннің ара қатынасын, дәстүрлі дін мен деструктивті діни ағым айырмасын жан-жақты талдап, түсіндіріп берді. Деструктивті діни ағымдардың шығу тегі олардың қоғамға келтірер залалы, этносаралық тұрақтылық, ынтымақ бірлік тақырыптарында әңгімеледі.

Кездесу өзара пікір алмасуға ұласып, теолог маман оқушылар мен студенттер қойған сауалдарға тұщымды жауаптар берді.

Кездесу өзара пікір алмасуға ұласып, теолог маман оқушылар мен студенттер қойған сауалдарға тұщымды жауаптар берді.

381 қаралым