Жарияланды: 29.07.2018

Ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ

Түркістан облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жуырда индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат ұсынды.  Ол бойынша яғни, 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында1,3 трлн. тг құрайтын 137 жоба іске асыру жоспарлануда. Онда 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын болады. Бүгінгі таңда Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында 81,8 млрд. тг. құрайтын 60 жоба іске асырылды. Ал алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар тіптен ауқымды. Соардың қатарында:  «M  Group KZ» ЖШС-і. Құрылыс ерітіндісі мен бетонды әзірлеуге арналған құрылғыны шығару. Жобаның жалпы құны 850 млн. теңгені құрайды. «Soldatos» ЖШС (Мақтарал ауданы) Асфальт-бетон зауыт кұрылысы. Жобаның жалпы құны 300 млн. теңге. «Asia Trafo» АҚ (Шымкент қ.) ЖШС — 220-500 кВ кернеулі класстағы трансформатор шығару. Жобаның жылдық қуаты – 100 трансформатор. Жобаның жалпы құны 17 500 млн. теңгені құрайды. «Gold Aluminum (Голд алюминум)» ЖШС (Ордабасы ауд.) ЖШС ПВХ профиль, ПВХ және алюминийден жасалатын жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар,алюми-ний және тұрмыстық техника өндірісін шығаратын цех. Жылына 60 мың тонна өнім шығарылады. Жобаның жалпы құны 250 млн. теңгені құрайды.  «Амир-А» ЖШС (Шымкент қ.) ЖШС Металлургиялық зауыттың құрылысы. Жылына 500 тонна өнім шығарылады.Жобаның жалпы құны 9600 млн. теңгені құрайды.  «Строй Юг Групп» ЖШС (Шымкент қ.) ЖШС Темірбетон бұйымдарының, құрылыс жылытқыштарын және заманауи қоршау жүйелерін шығаратын зауыт. Жобаның жалпы құны 870 млн. теңгені құрайды.

1 139 қаралым