Жарияланды: 22.11.2022

Медиация тәртібімен келісімге келді

Балалардың тұрғылықты жерін анықтау, медиация тәртібімен келісімге келді
​Түркістан облысына қарасты Келес аудандық соты, талап қоюшы К. жауапкер А-ға балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап қою арызы бойынша азаматтық ісін қарады.
​​Сот отырысында тараптар дауды медияция тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Осы келісімге сәйкес жауапкер А талап қоюшы К-мен ортақ төрт балаларының тұрғылықты жері деп, анасымен бірге тұруды белгілеуге келіседі.
Өз кезегінде талап қоюшы К жауапкер А алған міндеттемемен келісіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді және азаматтық істі тоқтатуды сұрайды.
​Соттың ұйғарымымен тараптардың араларында түзілген медиациялық келісімі бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енбеген.
399 қаралым