Жарияланды: 22.11.2022

Алма ұрлаймын деп, құрыққа ілікті

Ұрлықтың  үлкен кішісі жоқ. Ұрлық жасағанның бәрі заң алдында бірдей. Түркістан облысына қарасты Түлкібас  аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, өзіне тиесілі бау-бақшасынан белгісіз біреулер 4 қап алма ұрлаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 187-бабы «Ұсақ-түйек жымқыру» бойынша тіркелген.

Хабар алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы оқиға орнына шығып, тергеу амалдарын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ер азамат ұсталды.

Анықталғандай, күдікті өзінің басқаруындағы «Нексия» маркалы автокөлігімен күндізгі уақытта күзетшілердің жоқтығын пайдаланып, қапқа оралған 80 келі алманы жасырын түрде жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 30000 теңге. Жәбірленуші тарапқа ұрланған алмалары қайтарылды. Ұсталған ер азаматтың бұдан басқа да ұрлық жайттарына қатыстылығы анықталуда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

604 қаралым