Жарияланды: 23.11.2022

Жол апатының басты себептері мен оның алдын алу мәселесін зерделеді

 

 

Бүгінде төрт түлікті қараусыз қалдыратындардың қатары көп. Соның салдарынан жол апаттары орын алуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің полицейлері жергілікті тұрғындармен жол апатының басты себептері мен оның алдын алу мәселесін зерделеп, талқылады. Сонымен қатар жыл басынан бері аудан бойынша орын алған жол апатының 5-еуі жолға шыққан үй жануарларының кесірінен болғаны айтылды. Осыған байланысты Бәйдібек АПБ-нің учаскелік полиция инспекторларының бастамасымен малдардың қатысуында болатын жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында жылқылардың мойнына жарық шағылыстыратын таспалар ілуге шақырды.

Ал ауыл тұрғындары полицейлердің ұсынысын қолдап, көбісі өз малдарына орналастыруда жұмыс жасады. Бұл таспаның ерекшелігі сол, қараңғы кезде жүргізушілердің көзіне алыстан түседі. Жалпы жол-көлік оқиғасының басты себептерінің бірі — көлік жүргізушілерінің жауапкершілігінің аздығы, автокөлікті шамадан тыс қатты жүргізуі, мал иелерінің малдарын бақылаусыз жіберуі, жолдарда мал өткелдерінің болмауы. Сондықтан жол апатын болдырмауға бағытталған кез келген оңды ұсыныстар мен пікірлер жүйелі түрде іске асырылмақ.

422 қаралым