Жарияланды: 23.11.2022

Ерлік сабағы өткізілді

Бүгінде жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери қызметтің беделін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін патриоттық бағыттағы іс шаралар жиі ұйымдастырылуда. Түркістан қаласында Әмір Темір атындағы №3 және Хамза атындағы №2 жалпы орта мектептерінің ұйымдастыруымен «Айбынды жастар — жаңа Қазақстанның тірегі» атты ерлік сабағы өткізілді.

Өткізілген іс-шараға Қарулы Күштері ардагерлері Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алдабергенов Бабай Тәңірбергенұлы, Түркістан облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Бегимов Тұрғанбек Әшірұлы, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Кулдербаев Жандос Тынымбекұлы, “Жас сарбаз” әскери-патриоттық қозғалысы Түркістан облыстық филиалының төрайымы Шекербек Аружан Мақсатқызы, Түркістан каласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие, идеологиялық, әскери-патриоттық жұмыстар және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс бөлімше бастығы аға лейтенант Садыков Русланжан, Ауған соғысының ардагерлері, әскери жетекшілермен қатар жас сарбаздар қатысты.

Жастарымыздың бойына отаншылдық, рухани сабақтастықты дәріптеу мақсатында өткен шара барысында патриоттық әндер әуелеп,арнайы үш тілде хор айтылды. Сонымен қатар, тарих беттерінде оқ пен от арасында өткізіп, тағдырдың жазуымен ерліктің үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы және Қаһарман офицерлердің өнегелі өмір жолдары бейнеролик арқылы дәріптелді.

Ерлік сабағымен қатар шара соңында Жас сарбаздарды әскерге шығарып салу рәсімі өткізілді. Әскери ардагерлермен ұстаздар жас сарбаздардың Түркістан облысының намысын, әскердің айбынын асқақтатуға үлес қосатындарына сенім білдірді.

 

568 қаралым