Жарияланды: 23.11.2022

«Нашақорлық және есірткі бизнесін алдын алу шаралары» атты тақырыпта брифинг өтті

 

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласы әкімдігінде «Нашақорлық және есірткі бизнесін алдын алу шаралары» атты тақырыпта брифинг өтті. Брифингке Кентау қалалық емхананың нарколог маманы А.Смайлова мен Кентау қалалық полиция бөлімі басшысының орынбасары Б.Янкин қатысты. Брифинг барысында қазіргі қоғамның дерті нашақорлық екені және бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып саналатындығы айтылды. Қазіргі таңда   өтіп жатқан «Қарасора-2022» жедел профилактикалық іс-шара барысында 13 деректер анықталды, оның ішінде есірткі бизнесі — 11, теріс қылық — 2 дерек анықталды. Ал 2022 жылдың 8 айындағы есірткінің заңсыз айналымына қатысты барлығы — 20 деректер (2021 ж-10) анықтап, былтырғы жылға қарағанда екі есеге жоғары көрсеткішке қол жеткізілген, оның ішінде есірткі қылмысы — 12, және теріс қылық — 8 дерек. Сонымен қатар іс-шара шеңберінде ІІМ-гі мен ЕҚІҚБ — ның қызметкерлерімен бірлесіп МИ-Е тікұшағын пайдалана отырып, әуемен барлау шараларын жүргізу жұмыстары өз жалғасын табуда.

Брифингтің соңы әлеуметтік желілер арқылы және брифингке қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Сонымен қатар тиісті ұсыныстар талқыланып, өз кезегінде нашақорлық пен есірткі бизнесін алдын алу шаралары пысықталды.

 

 

531 қаралым