Жарияланды: 23.11.2022

Қаржы пирамидалары және оның алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Жуырда  алаяқтыққа және қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимыл бойынша 2022 жылға арналған бірлескен іс-шаралар кешеніне сәйкес, Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы, Леңгір қаласының Ш.Уалиханов атындағы №2 мектеп-гимназиясында департаменттің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы К.Мырзатаева, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2 Жедел басқармасының жедел уәкілі Г.Қарсыбайдың қатысуларымен «Қаржы пирамидалары және оның алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында №2 мектеп-гимназиясының қызметкерлері мен оқушыларына қаржылық пирамидасынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың санын азайту мақсатында түсіндірмелер берілді.
284 қаралым