Жарияланды: 23.11.2022

Адвокаттардың қатысуымен семинар-кеңес өткізілді

 Әділет департаментінің ұйымдастыруымен, ҚР БП ҚСжАЕАЖК-нің Түркістан облысы бойынша басқармасы, Түркістан облысының Полиция департаментінің Тергеу басқармасы, Түркістан облысының Адвокаттар алқасы және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісілген адвокаттардың қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар барысында «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау және тергеу және анықтау органы тарапынан жолданған сұрау салуына адвокат дер кезінде қабылдауы сондай-ақ, кері қайтарылған қаулылардың қайта ұсынылуы және жүйеде кезекші адвокаттардың пысықтау мәселелер талқыланды.
479 қаралым