Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығында «Әділет кеңес береді» акциясы аясында, «Өз құқығынды біл!» тақырыбында департаменттің мамандарының адвокаттардың, медиаторлардың қатысуларымен кездесу өтті.
Негізі басты мақсат — азаматтарға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы түсінік қалыптастыру , құқықтық білімдерін толықтыру, саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, Адамгершілік , ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына , адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру болып табылады. Сондай-ақ, тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарына тұщымды жауаптарын алды.
Еркін форматта өткен кездесуге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері қатысып, мамандармен құқықтық кеңестер берілді.