Жарияланды: 24.11.2022

Мас жүргізушінің бұрын көлік басқару құқығынан 3 жылға айырылғаны анықталды

Түркістандық полицейлер көлік жүргізу құқықығынан айрылғанына қарамастан алкогольді ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізушіні анықтады. Тәртіп сақшыларымен түнгі сағат 24:00 шамасында «Ваз 21 06» маркалы автокөлігі бұрылыс шамын жақпағаны үшін тоқтатылып, тексеру кезінде жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдік туған. Көлік жүргізушісіне тағайындалған медицина сараптасына сәйкес, оның «Орта» дәрежеде масаң күйде екені белгілі болған. Сондай-ақ, автокөлік иесі 2019 жылдың қыркүйек айында Түркістан қалалық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес, көлік басқару құқығынан 3 жылға айырылғаны анықталды.
Көлік жүргізу куәлігінің жоқтығына қарамастан екінші рет мас халде автокөлік басқарған жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
331 қаралым