Жарияланды: 24.11.2022

«Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды

Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету — полицияның негізгі міндетінің бірі. Жуырда Түркістан қаласындағы «Шауғар», «Бекзат», «Отырар» ,»Бірлік» секторының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Жиын барысында «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Бағдарламаның басты бағыты мен маңыздылығы- шаһардың қауіпсіздік деңгейін арттыру және қылмыстар санын барынша азайту. Сонымен қатар, алдымызда әлеуметтік мәселелердің тоғысында тұрған проблемаларды қарау міндеті тұрғандықтан, бұл құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қоғам болып күресу көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізеді. Қазіргі таңда полициямен жасалып жатқан іс-шаралар, құқықтық мемлекеттің қалыптасуына өз үлесін қосады. Бұдан бөлек, Түркістан қаласын қауіпсіз қалаға айналдыру мақсатында, бүгін “Сауран” секторының тұрғындарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында құқық бұзушылық пен қылмыстың, интернет алаяктық, есірткі өнімдерінің таралуы мен ұлтаралық қақтығыстардын алдын алу шаралары бойынша баяндама жасалды. Қазіргі уақытта жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылатындықтан, бұл мәселеге наар аударылды.
Сонымен қатар, сектор тұрғындарына сервистік модельге ауысу аясында полиция қызметінің жаңа форматы енгізілгендігі жөнінде айтып, қызметтің барлық саласында аналитиканы қолданып, қиындықтарды жоюға бағдарланған тәсіл енгізілген.
Жиын соңында тұрғындар көкейде жүрген сауалдарын айтып қана қоймай, полиция қызметкерлерінің жұмысына алғыстарын білдірді. Іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
490 қаралым