Жарияланды: 24.11.2022

Тәртіп сақшылары жалғызбасты анаға қайырымдылық жасады

Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті шамалы, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу — әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Қайырымдылық — адамгершілік белгісі» атты ұранды ұстын еткендер тәртіп сақшыларының арасында да көп. Түркістан облысына қарасты Арыс ауданы полиция бөлімінің мәжіліс залында Республика күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты іс шараның алғашқы сөз кезегін полиция подполковнигі Мырзахметов Алмас Келдібекұлы ашып, жеке құрамның қоғамдық тыныштықты сақтаудағы жұмыстарына табыс тіледі. Сонымен қатар полиция бастығы 10-ға жуық қызметкерді марапаттап қызметеріне абырой тіледі.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары 5 баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты анаға көмір мен күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктерді табыстады.

 

372 қаралым