Жарияланды: 24.11.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тұжырымдамасын түсіндірді

 

Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөнінідегі уәкілі М.Исаев Әдеп Кодексін және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдаманы түсіндіру мақсатында:

Жуырда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында қайта даярлауға келген мемлекеттік қызметкелермен интерактивті пікірталас кездесу өткізді. Мемлекеттік қызметкерлер қажетті ақпаратқа қанығып, сауалдарын қойып, жауаптарын алды. Бұдан кейін Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудынында Шаян ауылдық округі әкімі аппаратында Шаян, Ағыбет және Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.  Бәйдібек ата ауылындағы мәдениет үйінде Алмалы, Борлысай және Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу жиынын өткізді. Оан кейінгі аралықта Созақ ауданында Таукент кентіндегі кітапханада Таукент және Сызған ауыл әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен, Созақ ауылындағы кәсіптік мектеп гимаратында Созақ жене Карағұр ауыл әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу жиынын өткізді.  Кездесу соңында жеке қабылдаулар өткізіп заң аясында жауаптар берілді.

 

321 қаралым